Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында 2017 жылдың 17 тамызында тапсырыс берушілер, жобалаушылар және жергілікті атқарушы органдардағы құрылыс саласына жетекшілік ететін және бақылау жүргізетін мамандардың қатысуымен өткізілген МӘЖІЛІС

2017-08-18
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында 2017 жылдың 17 тамызында тапсырыс берушілер, жобалаушылар және жергілікті атқарушы органдардағы құрылыс саласына жетекшілік ететін және бақылау жүргізетін мамандардың қатысуымен өткізілген МӘЖІЛІС
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында 2017 жылдың 17 тамызында тапсырыс берушілер, жобалаушылар және жергілікті атқарушы органдардағы құрылыс саласына жетекшілік ететін және бақылау жүргізетін мамандардың қатысуымен өткізілген МӘЖІЛІС

Мәжілісттің кұн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Филиалдың 2017 жылдың 7 айында Оңтүстік Қазақстан облысында салынуы жоспарланған жобаларға ведомостводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша атқарған қызметі
2. Құрылыс ведомостводан тыс кешенді сараптама жүргізу қатысты нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен таныстыру
3. МС электронды құжат айналымының біртұтас жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстармен таныстыру

1. Филиалдың 2017 жылдың 7 айында атқарған қызметі
2017 жылдың 7 айында Филиалда Оңтүстік Қазақстан облысында салынатын 158 дана жоба алды және жобалау-сметалық құжаттамалары қаралды, оның ішінде белгіленген тәртіппен бекітуге ұсынылғаны 148 дана және 10 жобаға қабылданаған шешімдерінің құрылыс нормаларына сәйкес болмауына және сараптама жүргізу келісім-шарттарда көрсетілген талаптарды бұзғанына байланысты теріс қорытындылар берілді. Осы қаралған жобалардың ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын нысандар саны 106 дана болса, жеке инвесторлармен қаржыландыратын нысандар саны 52 дананы құрап отыр.
Осы мерзімде қаралған нысандардың жобалары бойынша жобадан кейінгі жалпы сметалық құны 219 млрд. 130 млн.теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар қаржыландырылатын нысандардың сметалық құны 147 млрд. 889 млн. тенге, ал жеке инвесторлармен салынатын объектілердің құны 71 млрд. 241 млн. тенге. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойныша негізсіз жобаға енгізілген жобалық шешімдер салдарынан нысандардың сметалық құны 13 млрд. 984 млн. азайтылды, сонымен бірге жобалық шешімдерге кірмей қалған, бірақ нысандардың тиісті функционалдық қызпметін толық атқаруға нұсқан келтіру мүмкін болғандықтан сарапшылар ескертпелерін іске асыру арқылы қосымша 8 млрд. 801 млн. тенге қаражат қосылып берілді. Нысандардың сараптамадан кейінгі құны 211 млрд. 950 млн. тенгені құрады.
2. Құрылыс ведомостводан тыс кешенді сараптама жүргізу қатысты нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістер және толықтырулар
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық және 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекстеріне тиісті өзгерістер енгізіліп құрылыс жобаларының мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалары ведомостводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізілуі қарастырылған.
Осы қабылданған заң талаптарын орындау мақсатында «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы
«Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығына және «Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 305 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізілген.
Баяндамашы, мәжіліске қатысушыларды, жоғарыда аталған нормативтік құжаттарға енгізілген өзгерістермен толық көлемде таныстырды
3. МС электронды құжат айналымының біртұтас жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар
Тапсырыс берушілер, кешенді ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес берілген бес күн ішінде, Порталға ұсынылған жобаларды құрамын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жинақтап үлгіре алмауы орын алып отырады. Осыған байланыс нысандар жобалары кері қайтарылып, инвестициялық жобалардың межеленген мерзімінде іске асыруға кедергі келтіліреді.
Жобаларға сараптама жүргізу қызметін жетілдіру мақсатында электронды порталға қосымша мүмкіншіліктер карастырылған:
1. Тапсырыс берушімен екі жақты келісім бойынша белгіленген уақытта бағдарламадағы қосымша арқылы, жобаның құрамын жинақтау мен басқа да сұрақтар бойынша skype конференция ұйымдастыру, және керек болған жағдайда сарапшылардан алдын-ала кеңес алу жұмыстарын жүргізе алады;
2. Қайта тапсырылған жобаларды толық көлемде жүктемей, бұрын қаралған құжаттарға қосымша ретінде ұсынылады.
Осы және басқа www.epsd.kz электронды порталына енгізілген мүмкіншіліктер ведомостводан тыс кешенді сараптаманың нормативтік құжаттардың талаптары сай жүргізіліп, оның сапасы мен іске асыру уақытына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Баяндамашы техникалық құралдарды пайдалану отырып электронды порталдың қосымша мүмкіншідіктерін шартты жобаны мысал ретінде көрсетіп мәжілісіке қатысушыларға толық көлемде көрсетті.