Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Бүгінгі сараптама» атты I Халықаралық форумы өтті, аталған форумға қатысу

2017-08-20
«Бүгінгі сараптама» атты I Халықаралық форумы өтті, аталған форумға қатысу
2017 жылғы 17 тамызда құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Бүгінгі сараптама» атты I Халықаралық форумы өтті, аталған форумға «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Ж.Ж. Ботенбаев қатысты. Форумның ашылуы «Мемсараптама» РМК Бас директоры Т.Д. Карагойшиннің алғы сөз сөйлеуімен басталды. Әрі қарай «Мемсараптама» РМК жүйесінің негізгі қызметі суреттелген бейнеролик арқылы көрсетілді. «СНГ және Алыс шет ел мемлекеттеріндегі объектілер құрылысына арналған жобалар сараптамасы бойынша қызмет аспектілері» тақырыбына спикерлер ретінде «Ресейдің Бас сараптамасы» ФАУ басшысының бірінші орынбасары Андропов В.В, Szymon Piechowiak - Team leader Ministry of Infrastructure and Construction (Польша), «Украина мемлекеттік құрылыс сараптамасының орталық қызметі» СГЭО» ГП директоры Кузьмин С.С, Әзірбайжан Республикасының ГАНБ СМ ЧС жанындағы ГУ ВГЭ бастығы Гасанов А.Г, ҚР Мемстрой жанындағы ДГЭ директорының орынбасары Сыдыков А.Ж. және басқалары сөз сөйледі. Форумда құрылыс жобаларына сараптама жүргізу саласындагы дәйекті мәселелер қатары, бизнес серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Басты назар BIM-технологияға аударылды. Жақын болашақта ғимараттардың үш өлшемді моделін құруда ғимараттарды ақпараттық моделдендіруді толықтай енгізу және жобалаудан бастап пайдалануға бергенге дейін құрылысты сүйемелдеу жоспарланып отыр. Форумның аяқталу барысында халықаралық форумды жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды.