Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау және сараптама қызметін жетілдіру, сондай-ақ, қайта қарастырылатын жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жүктеу және коммуникация модулын презентациялау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

2017-10-09

«Мемсараптама» РМК-ның жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету шеңберінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласының әкімшілігінде әкімнің орынбасары С.А. Макежановтың төрағалық етуімен, «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Е.Ж. Едресовтың қатысуымен жобалау және сараптама қызметін жетілдіру, сондай-ақ, қайта қарастырылатын жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жүктеу және коммуникация модулын презентациялау бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Сонымен бірге, кеңеске Алматы қаласы әкімі орынбасарының кеңесшісі, сараптама ұйымдары Палатасы президиумының мүшесі М.С. Абдибаева, әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің, коммуналдық қызмет, мемлекеттік ұйымдар, қаланың жобалау ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кеңесті әкімнің орынбасары С.А. Макежанов ашып берді. Кеңес барысында «Мемсараптама» РМК бас директорының өндіріс бойынша орынбасары Е.Ж. Едресов баяндам оқыды, ол экономика дамуының заманауи тенденциялары, соның ішінде құрылыс саласында, стратегиялық менеджменттің инновациялық технология негізінде жұмысты ұйымдастырудың прогрессивті әдісін енгізу қажеттілігін, өндіріс процесстерін басқару және сараптама қызметінде бағдарламалық қамтамасыздауды белсенді қолдануды талап ететіні жайлы айтып өтті. 2015 жылдан бастап «Мемсараптама» РМК құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманы тек электронды портал арқылы, электронды сандық қолмен расталған қорытынды беруімен электронды түрде жүзеге асырып келеді. Аталған бағыт қазіргі таңда Қазақстанның заманауи, инновациялық мемлекетке айналуына бағытталған «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дамып келеді. Кеңесте сонымен бірге «Мемсараптама» РМК Алматы қаласы филиалының директоры С.О. Лекеров сөз сөйлеп, филиалдың ағымдағы жылдың 8 айына арналған негізгі қызметі бойынша ақпаратты ұсынды. 1) Сонымен қатар, кеңес барысында epsd.kz порталының екі жаңа модулы (коммуникация модулы және ЖСҚ қайта жүктеу) презентацияланды, сондай ақ, кеңеске қатысушыларға жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласындағы ҚР заңнамасындағы өзгертулер мен толықтырулар (ҚР Инвестиция және даму бойынша министрлігінің 2017 жылғы 21 маусымдағы №370, 2017 жылғы 17 шілдедегі №477 бұйрықтары) мәліметке алынып, Дәйекті мәселелер мен жобалар бойынша жиі кездесетін ескертулер талқыланды. Қазіргі таңда «Мемсараптама» РМК-да келесі бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда: құрылыс объектілерін ақпараттық моделдендірудің технологиясын ендіру бойынша бағдарламалық қамтамасыздауды әзірлеу (виртуалды және аралас шынайылықтағы BIM-жобаларды көрсету, жобалау құжаттамалар бөлімдерін автоматты тексеру механизмін ендіру бөлігіндегі нормативті талаптарға сәйкестендіруде сараптама процедураларын жетілдіру. Кеңес қорытындысы бойынша, жобалау сапасын арттыру мақсатында, сараптама қызметін жетілдіруге, жобалаушыларға ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетуге, конструктивті диалогты ұйымдастыруға бағытталған бірлескен шаралар циклін өткізу туралы шешім қабылданды.