Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама: сапа, қауіпсіздік және жылдамдық.

2017-10-24
Мемсараптама: сапа, қауіпсіздік және жылдамдық.
«Мемсараптама» РМК жобалық шешімдерді бағалай отырып, нысандарды пайдалануға берілгеннен кейін бірінші кезекте адамның өмірлік іс әрекеті үшін қолайлы жағдайларды жасау, оның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздікті қамсыздандыру, жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүліктін сақталуы, қоршаған ортаны қорғау, бүтіндікті, құпиялықты камсыздандыру, ақпараттың қолжетімділігі және олардың жұмыс істеуінің тұрақтылығы ескеріледі. Сонымен бірге мемлекеттік сараптама процесін арттыру бойынша әрдайым мақсатта бағытталған жұмыс жүргізіледі. Сарапшылардың, тапсырыс берушілердің және жобалау ұйымдардың назары тікелей жобаның сапасына екпін қояды. 2015 жылдан бастап epsd.kz электронды портал арқылы ЖСҚ қабылдау механизмі енгізілді. Тапсырыс беруші сараптама өткізу үшін сұраныспен бірге құжаттама жиынтығын жолдайды. Белгіленген мерзімді бұзбауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ ақпарат қауіпсіздігін қамсыздандыратын, QR-кодымен және электронды қолтаңбамен сараптамалық қорытындысын беру және шарт жасасуға дейін, барлық ақпаратпен алмасу электронды түрде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, сарапшылар, жобалау ұйымдар және тапсырыс берушілер үшін белгілі қолайсыздық тудыратыны жобаның қағаз нұсқаларын ұсынуы бойынша қайталанып жасалатын жұмыстарды болғызбайды. Жоба материалдарын қарау бойынша істің ағымдағы жағдайы туралы ресми деректер күн сайын тиісті бөлімдеріне орналастырылатыны сараптама өткізу барысын айқындатады. 2014 жылғы 29 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы ел Президентімен қол қойылған. Көрсетілген заңға сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығы шығарылды. Енді «Мемсараптама» РМК жүйесінде санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық - барлық салалық сараптамаларды ескере отырып, құрылыс жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Яғни тек қана электрондық портал арқылы жобалау құжаттамасын ұсыну және қабылдау, уәкілетті органдардан салалық қорытындыны алу және жиынтық қорытынды беру, барлық рәсімдер – бір терезеден жүзеге асырылады. Сонымен бірге сараптама ұзақтылығы 45 жұмыс күннен асырылмайды, сонда бұрын салалық сараптамадан дәйекті түрде алудың барлық процессі 270 және одан да көбірек күнге дейін орын алатын. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы №49-VI Заңымен экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалар уәкілетті мекемеден ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын тікелей сараптамалық ұйымдарға берілді. Бұл тағыда құрылыс жобаларының өткізу инвестициялық циклын тұтас алғанда едәуір оңтайландыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістер тапсырыс берушілер, инвесторлар және жобалау ұйымдар жағынан тек қана оңтайлы баға берілді. Көріп отырғандай, мемлекеттік сараптама тұтас алғанда сараптама өткізудің рәсімдерін әрдайымғы жетілдірулер іздестіруде. Осылай, қазіргі таңда жобаланатын нысандардың сапасын көтеруге тиісті, (building information modeling) BIM-технологиясы - ғиматтарды ақпаратты модельдеу енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ, сандық модельдеу, бұлтты жобалық қамсыздандыру, (Virtual reality —виртуалдық шынайылық, Augmented Reality –толықтырылған шынайылық) VR/AR технологиясы, BIM-моделі негізінде сметалық есептер, модельді автоматтандырылған тексеру секілді осындай болашақ бағыттарда дамып келеді. Біздер, аталған жаңалықтарды сараптама қызметінде ең жақын болашақта көретінімізге үміттенеміз. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының тікелей өндірістік қызметіне қатысты, 2017 жылдың 9 айының нәтижесі бойынша 275 жобалар қарастырылып, оның ішінде 157 жоба мемлекеттік инвестициялар есебінен өткізілді. Оларды қарау нәтижесінде 231 жобаларға оң қорытынды бекітілуге ұсынылып, 44 жобалар бойынша теріс қорытынды берілді. Бекітілуге ұсынылған жобалар бойынша, сметалық құны 9,853 млрд. теңгеге, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаражаттындырылған жобалар бойынша – 4,853 млрд. теңгеге төмендетілді, яғни бюджеттік қаражаттың едәуір сомасы үнемделді. Тұтас алғанда 2017 жылдың 9 айында сараптама барысында жобалау нормаларынан 5 486 ауытқушылықтар анықталды. Жобалардың тиісті сапасын қамсыздандыру және жобалау ұйымдарының жауапкершіліктерін арттыру үшін филиал әрдайым жергілікті артқарушы органдармен өзара әрекеттесіп, саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сұрақтар бойынша семинар-жиналыстар өткізеді. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Жандос БОТЕНБАЕВ. http://avestnik.kz/?p=61804 «Актюбинский вестник» газетіндегі басылымға сілтеме.