Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдардың "Сараптама бүгін" форумына қатысу

2017-10-05
I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдардың "Сараптама бүгін" форумына қатысу
I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдардың "Сараптама бүгін" форумына қатысу
I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдардың "Сараптама бүгін" форумына қатысу
2017 жылғы 17 тамызда құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Бүгінгі сараптама» атты I Халықаралық форумы өтті, аталған форумға «Мемсараптама» РМК Шығыс өңірі бойынша филиалының директоры Е.А. Тикибаев қатысты. Форумның ашылуы «Мемсараптама» РМК Бас директоры Т.Д. Карагойшиннің алғы сөз сөйлеуімен басталды. Одан әрі жұмыстың барлық блоктары және «Мемсараптама» РМК қызметі суреттелген бейнеролик көрсетілді. «СНГ және Алыс шет ел мемлекеттеріндегі объектілер құрылысына арналған жобалар сараптамасы бойынша қызмет аспектілері» тақырыбына спикерлер ретінде «Ресейдің Бас сараптамасы» ФАУ басшысының бірінші орынбасары Андропов В.В, Szymon Piechowiak - Team leader Ministry of Infrastructure and Construction (Польша), «Украина мемлекеттік құрылыс сараптамасының орталық қызметі» СГЭО» ГП директоры Кузьмин С.С, Әзірбайжан Республикасының ГАНБ СМ ЧС жанындағы ГУ ВГЭ бастығы Гасанов А.Г, ҚР Мемстрой жанындағы ДГЭ директорының орынбасары Сыдыков А.Ж. және басқалары сөз сөйледі. ТПД НПО ПБР KPJV Ltd бойынша менеджер (директор) А. Шпиньков, НПО ПБР ТОО «ТШО» бойынша менеджер (директор) Н. Кинганов, «ҚазҒЗЖИ» АҚ техникалық мәселелер бойынша басқарушы директоры М.С. Абаканов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕТИ ЕНУ профессоры т.ғ.д. Т.Т. Мусабаев өз баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар, форумда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов сөз сөйледі. Ол қазіргі уақытта құрылыс жобаларына сараптама жүргізуді жеке компанияларға беру процессінің жүріп жатқанын, қазірдің өзінде 60 % берілгені және жыл сайын 10 % беріліп отыратыны жайлы айтып өтті. Нәтижесінде 2019 жылдың аяғында «Мемсараптама» РМК ЖЭО, атом электр станциялары, мұнай заводтары сияқты бірегей және республикалық маңызы бар техникалық күрделі нысандарды ғана қалдыру жоспарланып отыр. Тарихтағы осындай кең ауқымды алғашқы форумның өтуіне және ұйымдастырылуына сараптама ұйымдары басшыларының екі жақты кездесулері, халықаралық конференциялар, салалық форумдардағы делегация құрамының қатысулары себеп болды. «Бүгінгі сараптама» халықаралық форумы сараптама ұйымдарының, халықаралық компаниялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік компаниялардың, жобалау ұйымдары мен жұмыс тапсырысшыларының құрылыстағы заманауи тенденцияларды түсіндіру, серіктесу географиясын кеңейту және құрылыстағы тиімді әзірлеулерді үйрену жөніндегі ақпараттық алаңшаға айналды. Форумда құрылыс жобаларына сараптама жүргізу саласындагы дәйекті мәселелер қатары, бизнес серіктестік пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Шараның өту барысында үш негізгі мәселелер жүзеге асырылды: -тәжірбие алмасу және құрылыс сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдар серіктестігін нығайту, -құрылыс саласындағы сараптама қызметі ұйымдарының халықаралық тәжірибесін үйрену және қолдану, -құрылыс жобалары сараптамасы саласындағы заманауи мүмкіндіктерді презентациялау Басты назар BIM-технологияға аударылды .Жақын болашақта ғимараттардың үш өлшемді моделін құруда ғимараттарды ақпараттық моделдендіруді толықтай енгізу және жобалаудан бастап пайдалануға бергенге дейін құрылысты сүйемелдеу жоспарланып отыр Форумға щақырылған барлық қонақтар мен қатысушылар тарапынан жобалар сараптамасы бойынша қызмет аспектілерін және оны дамыту мәселесін талқылауда ғана емес , сонымен қатар , әрі қарай ынтымақтастық пен өзара қарым қатынасты орнатуға мүмкіндік тудыратын жоғары деңгейдегі халықаралық шараны ұйымдастыру мен өткізуде жоғары деңгейлері байқалды. Аяқталу барысында халықаралық форумды жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Аталған форум халықаралық қатынасты дамыту алаңшасына айналатынына, жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған халықаралық жаңа жобалар бастамасы болатынына сеніміміз мол.