Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы дәріс

2017-08-09
«Мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы дәріс
09.08.2017 жылы "Мемсараптама" РМК Шығыс өңірі бойынша филиалының қызметкерлеріне Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманының қатысуымен дәріс-сұхбат өткізілді. Дәріс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің қызметі және Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, олардын атқаратын функциялары жөнінде айтылды. 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы айтылды. Оның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру болып табылады, бүкіл қоғамды кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне "нөлдік" шыдамдылық ахуалын жасау арқылы жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жұмылдыру және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Стратегиямен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі бағыттар: • мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; • қоғамдық бақылау институтын енгізу; • квазимемлекеттік және жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет; • құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; • сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; • сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту . Егжей-тегжейлі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына тоқталдым. Ол 01.01.2016 ж. күшіне енді. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының құрылымы 5 тараудан тұрады және 27 бапты көздейді. Осы Заң жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталған. Соңында Заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстарының жаңа тәсілдерін бекіткенін және мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін арттырғанын, ең үздік халықаралық практикаларды ескере отырып мемлекеттік аппараттың неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне әкелетінін атап өтті.