Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК сарапшыларының «Мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарына арналған қолжетімді ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау ерекшелігі» тақырыбындағы семинарға қатысуы

2017-11-13
«Мемсараптама» РМК сарапшыларының «Мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарына арналған қолжетімді ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау ерекшелігі» тақырыбындағы семинарға қатысуы
«Мемсараптама» РМК-нің 2017 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2017 жылғы 08-11 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) «Мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарына арналған қолжетімді ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау ерекшелігі» тақырыбында семинар өткізілді, оған «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының сарапшылары қатысты. Семинар барысында мынадай тақырыптар қаралды: қолжетімділік мәселесі бойынша нормативтік құқықтық және ұйымдық құжаттар, халықтың қауқары аз топтарына (ХҚАТ) әр түрлі инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету, ХҚАТ-қа арналған қолжетімді ортаны жобалау мәселесі бойынша қолданыстағы ҚНжҚ, ҚҚ, жаңаларын салу және бұрыннан бар объектілерді реконструциялау бойынша салалық және өңірлік әдістеме құжаттары, сараптаманың талаптары және ХҚАТ-қа арналған қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша жобалау құжаттамасының бөлімдерін келісу. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға курстан сәтті өткендері туралы куәліктер берілді.