Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар

2018-03-02
«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар
«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар
«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК-нің 2018 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарын орындау үшін «Қазақстан Республикасында заманауи кезеңдегі құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар өткізлді. Семинар модераторы - «KAZGOR» жобалау академияся» ЖШС. Семинар екі кезеңде өткізілді. - 2018 жылғы 23 ақпанда Алматы қаласында; - 2018 жылғы 1 наурызда Астана қаласында. Семинарға қатысушылар – «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппараты және филиалдарының жобалардың сметалық бөлімінің сарапшылары. Семинар барысында мынадай мәселелер қаралды: 1. Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығының 1-қосымшасы). 2. Құрылыстағы қосымша үстеме шығындар мөлшерлерін анықтау бойынша нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығының 2-қосымшасы). 3. Құрылыс ұйымдастыру жобасының шешімдеріне байланысты қосымша үстеме шығындарды анықтау бойынша нормативтік құжат (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрған үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 ж. № 249 бұйрығының 3-қосымшасы). 4. Құрылыстың сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері жинағы. 5. Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстары және жабдықтарды монтаждау; уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға жұмсалатын шығындарының сметалық нормалар жинағы; құрылыс-монтаж жұмыстарын қысқы уақытта өндіру кезінде қосымша шығындардың сметалық нормалар жинағы. 2017 жыл (ЭСН РК 8.04-01-2015, ЭСН РК 8.04-02-2015, ЭСН РК 8.05-01-2015, НДЗ РК 8.04-05-2015); 10-шығарылым. 6. Заманауи кезеңде «SANA-2015» БҚ-ны пайдаланумен құрылыстың сметалық құнын анықтау. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар және викторина жеңімпаздарына ұйымдастырушылардан тартулық кәдесыйлар берілді.