Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Болашақ энергиясы» форумының «Қаладағы электр тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясы

2017-08-14
 «Болашақ энергиясы» форумының «Қаладағы электр тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясы
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде 2017 жылғы 31 шілде мен 1 тамыз аралығында «Мемсараптама» РМК Солтүстік өңірі бойынша филиалының қызметкері өндірістік бөлімінің бастығы – Л.А.Панюшкина «Болашақ энергиясы» форумының «Қаладағы электр тиімділігі. Қалалық жоспарлау, құрылыс және көлік» алтыншы конференциясына қатысты. Форумның алтыншы сессиясында тұрақты сәулет және қалалық жоспарлау, қалдықтарды жою және ресурстарды пайдалану тиімділігінен бастап интеллектуалды көлік жүйелері мен инфрақұрылымға дейін ұзақ мерзімді кешендерді шешімдерді қамтитын тақырыптар да да қарастырылды. Спикерлер қатарында таныстырылғандар: доктор Параг Ханна – әлемге әйгілі саясаткер, мегаполисті дамыту стратегиясын жасау бойынша кеңесші, Wall Street Journal, Financial Times и Washington Post сияқты беделді басылымдардағы бірқатар мақалалар мен бестселлерлердің авторы, профессор Карло Ратти - Senseable City Lab зерттеу зертханасының директоры, Флориан Леннерт - Intelligent City Forum директоры, климат пен қоршаған ортаның өзгеруі бойынша Грэнтем ғылыми-зерттеу институтының ортақ негізін қалаушысы, Вальтер Штайнманн – Швейцарияның Федералды энергетикалық агенттігінің бұрынғы атқарушы директоры, Митчел Йоахим - Terreform ONE New Lab ортақ негізін қалаушысы.