Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«№51 мектеп-гимназия» КММ 11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы

2019-04-23
«№51 мектеп-гимназия» КММ 11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
«№51 мектеп-гимназия» КММ 11-сынып оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы
2019 жылғы 23 сәуірде «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының қызметкерлері: директордың орынбасары Хусаинов А.Г., әкімшілік бөлімнің бас маманы Аубакиров Э.М., СҚШжСҚА бөлімінің бас маманы Орынбасов Ә.А. Алматы қаласы Білім басқармасының «№51 мектеп-гимназия» КММ-інде 11-сыныптар, дәлірек айтқанда 11 «а» және 11 «б» сынып оқушылары арасында салалық мамандықтар жайлы көпшілікке әйгілеу және техникалық мамандықтардың мәртебесін асыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. «№51 мектеп-гимназия» КММ директорының орынбасары А.Г. Дауренбекова сөз сөйлеп, оқушыларға филиал қызметкерлерін таныстыра отыра, мамандық таңдаудың адам өмірінде зор маңызға ие екенігін ескертіп, бұл шараның жауапты шешім қабылаудағы маңыздылығын атап өтті. Шара барысында филиал директорының орынбасары А.Г. Хусаинов сөз сөйлеп, құрылысшы мамандығы жайлы, «Мемсараптама» РМК қызметі, жалпы құрылыс саласы туралы айтып өтті. Ол сонымен қатар өз сөзінде құрылысшы мамандығын таңдау атам заманнан бері мамандық иесіне зор жауапкершілік жүктейтіндін, содай-ақ аталған мамандықтың игі істердің бастамасы екендігін түсіндірді. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы ұжымы Алматы қаласы Білім басқармасының «№51 мектеп-гимназия» КММ басшылығына шара ұйымдастырудағы жәрдемі үшін ризашылығын білдіріп, ел келешегі үшін игіліктерге бастайтын шаралар атқаруға мүдделігін жеткізеді.