Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мұстафин Дүйсен Бейсенбекұлы

2020-07-09
2020 жылғы 5 шілдеде Қазақстанның құрметті сәулетшісі Мұстафин Дүйсен Бейсенбекұлы дүние салды. Мұстафин Дүйсен Бейсенбекұлы 1948 жылы 30 тамызда Павлодар облысы, Краснокутский ауданы Чкалов атындағы совхозда дүниеге келген. 1968 жылы Семипалатинск қаласындағы Автомеханикалық техникумды, 1977 жылы Алматы қаласының Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1968 жылдың мамыр айында механик болып бастаған. Кейін құрылыс саласында үзбестен түрлі қызметтерді атқарған. 2002 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Павлодармемсараптама» ЕМК директоры, кейін Павлодар облысы бойынша «Мемсараптама» РМК директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Мұстафин Дүйсен Бейсенбекұлы терең білімді, біліктілігі жоғары, парасатты адам екендігімен қатар жанашыр тәлімгер де болған. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы Мұстафин Дүйсен Бейсенбекұлының қайтыс болуына орай туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.