Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК қызметкерлеріне арналған құқықтық, кадрлық мәселелер және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер жөніндегі семинарларға қатысу туралы

2019-02-15
«Мемсараптама» РМК қызметкерлеріне арналған құқықтық, кадрлық мәселелер және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер жөніндегі семинарларға қатысу туралы
«Мемсараптама» РМК қызметкерлеріне арналған құқықтық, кадрлық мәселелер және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер жөніндегі семинарларға қатысу туралы
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін 2019 жылғы кәсіптік оқыту жоспарына сәйкес 2019 жылғы 13 ақпаннан 15 ақпанға дейін «Мемсараптама» РМК қызметкерлеріне арналған құқықтық, кадрлық мәселелер және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер жөніндегі семинарлар өткізіліп, оған филиалдың әкімшілік бөлімінің бас маманы Т.Е. Усенбаева қатысса, сонымен қатар әкімшілік бөлімінің бас маманы Э.М. Аубакиров тыңдаушы ретінде шақыртылды. Семинардың бірінші күні «Электрондық мемлекеттік сатып алулар: өзгертулер мен толықтыруларға толық шолу жасау» тақырыбына арналып, оның барысында Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» заңының негізін қалаушы қағидаттары және оны қолданудың қағидалары мен кәсіпорынның цифрлық активтері талқыланды. 2019 жылғы 14 ақпанда «2019 жылғы өзгерістерді ескере отыра электрондық мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинар бағдарламасында мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадағы өзекті өзгертулерге толық шолу жасау, сатып алулардағы жауапты қатысушылардың әкімшілік жауапкершіліктерін күшейту, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 207-бабындағы өзгертулер, сатып алулар тәсілдеріндегі өзгертулер, сатып алудар, маманның және ұйым басшысының жұмысын дұрыс әрі тиімді жоспарлау үшін қажет білім (жоспарға өзгертулер енгізу үшін қосымша негіздер, мемлекеттік сатып алулардың нормалауларын қолдану т.б.) қамтылды. Семинардың соңғы күні «Еңбек заңнамасындағы 2019 жылғы соңғы өзгерістерді ескере отыра кадрлық іс қағаздарды жүргізу» тақырыбына арналды. Семинарда мына тақырыптар көтерілді: Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасындағы соңғы өзгертулер, еңбек шартының мазмұны, оны толтыру, сақтау, бойынша өзгерістер, еңбек кітапшаларын тіркеу, жұмыскердің жеке іс-құжаты мен оның құрамы, ұйымда әскери міндетті қызметкерлермен жұмыс т.б. Семинар аяқталған соң қатысушыларға курстарды сәтті тәмамдағандары туралы сертификаттар табысталды.