Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жаңа жыл үшін жаңа жоспарлар: филиалдардың басшылары Кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен таныстырды

2019-02-09
Жаңа жыл үшін жаңа жоспарлар: филиалдардың басшылары Кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен таныстырды
Жаңа жыл үшін жаңа жоспарлар: филиалдардың басшылары Кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарымен таныстырды
2019 жылғы 6 ақпанда «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратында ұйымның барлық аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен жылдық жиналыс өтті. «Мемсараптама» РМК басшылығының бастамасы бойынша іс-шара биылғы жылы дәстүрлі форматтан ерекше өтті. Атап айтқанда, жылдық жиналыстың алдында филиалдар директорларының Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзекті өзгерістері саласындағы сәтті келіссөздер мен құқық қолдану практикасын жүргізу бағыттары бойынша біліктілігін арттыру курсы өткен. Жоғарғы буын басшыларының жылдық жиналысы «Мемсараптама» РМК қызметінің сыртқы және ішкі салаларын жетілдіру жолдары, соның ішінде электрондық құжаттар мен қызметтік хат-хабарлар айналымын одан әрі цифрлендіру, «бір терезе» принципі бойынша жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу рәсімдерін оңайлату, Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай портал операторының функцияларын сапалы орындау, талантты жастарды қолдау мен тартудың жаңа нысандарын әзірлеу бойынша өзара және өнімді пікір алмасудың ашық алаңына айналды. Жиналыс қорытындылары бойынша филиалдар директорларының корпусы Мемлекет басшысының идеяларын қолдау үшін ағымдағы жылға Кәсіпорын жастарының жылы мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады.