Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«2019 жылға арналған еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу» тақырыбына семинар

2019-02-15
«2019 жылға арналған еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу» тақырыбына семинар
«Мемсараптама» РМК филиалының қызметкерлері үшін 2019 жылғы 15 ақпанда Астана қаласында «2019 жылға арналған еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалынан әкімшілік-басқару персоналының жетекші маманы (персоналы) – Қыдыралина Айнагүл Қалыбайқызы қатысты. Семинарда келесі мәселелер қаралды: 1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жаңа нормаларын қолданудың практикалық мәселелері. 1.1. Еңбек шартын жасасу, орындау. 1.2. Еңбек шартын тоқтату. 1.3. Жұмыс уақыты. 1.4. Демалыс уақыты. 1.5. Қызметкер мен жұмыс берушінің жауапкершілігі. 1.6. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. 2. Соттардың еңбек заңнамасының нормаларын қолдану тәжірибесі: сараптамалық талдау және ұсынымдар. 3. Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды ұйымдастыру. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.