Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сәтті келіссөздер дағдылары», «2019 жылғы салықтық және бухгалтерлік заңнамалық актілердегі түйінді өзгерістер» тақырыбындағы семинарлар

2019-02-11
«Сәтті келіссөздер дағдылары», «2019 жылғы салықтық және бухгалтерлік заңнамалық актілердегі түйінді өзгерістер» тақырыбындағы семинарлар
«Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіптік оқыту Жоспарын орындау мақсатында 2019 жылдың 5 ақпанында Астана қаласында «Сәтті келіссөздер дағдылары» тақырыбында өткен семинарға «Мемсараптама» РМК-нің Шығыс өңірі бойынша филиалының директоры Е.А. Тикибаев қатысты. Семинардың өту барысында келесі мәселелер қарастырылды: келіссөзшінің тиімділік бағасының параметрлері, конструктивтік параметрлері («Гарвард әдісі»), қысым және манипуляция, келіссөздегі логика және т.б. 2019 жылдың 6 ақпанында «2019 жылғы салықтық және бухгалтерлік заңнамалық актілердегі түйінді өзгерістер» тақырыбында өткен семинарға филиалдың бас бухгалтері О.А. Клименкова қатысты. Семинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: бухгелтерлік есеп және қаржылық есеп құрастыруды жүргізуге реттемелейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің өзгерістеріне шолу, 02.10.2018 жылғы №877 ҚР ҚМ бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік есептің жаңа Үлгілік жоспары (2019 жылдан әрекет ететін), МСФО (IFRS) 9 «Қаржылық құралдар», МСФО (IFRS) 15 «Сатып алушылармен шарт бойынша Түсім», МСФО (IFRS) 16 «Жалдау», МСФО және т.б. сәйкес бухгелтерлік есепте және қаржылық есеп құрастыруды жүргізуде жиі кездесетін қателіктер. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.