Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру бойынша дәріс.

2019-03-29
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын  түсіндіру бойынша дәріс.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын  түсіндіру бойынша дәріс.
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының 2019 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және 2019 жылға арналған Медиа-жоспарын орындау мақсатында 2018 жылдың 28 наурызында филиал қызметкерлері үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Н. Қалдыбаевтың қатысуымен дәріс өткізілді. Дәріс өткізу кезінде Қалдыбаев Н.З. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі бағыттарын түсіндіріп, Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық статистикасы туралы айтты. Сондай-ақ, дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша семинарға қатысушылар арасында әңгіме өткізіліп, бейнеролик көрсетілді. Дәріс өткізгені үшін филиал ұжымы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Н. Қалдыбаевқа алғысын білдіреді.