Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарында іске асырылатын инвестициялық жобаларға 2018 жылы жүргізілген ведомостводан тыс кешенді сараптама нәтижелерін талдау және олардың тиімділігін арттыру ж

2019-05-14
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарында іске асырылатын инвестициялық жобаларға 2018 жылы жүргізілген ведомостводан тыс кешенді сараптама нәтижелерін талдау және олардың тиімділігін арттыру ж
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарында іске асырылатын инвестициялық жобаларға 2018 жылы жүргізілген ведомостводан тыс кешенді сараптама нәтижелерін талдау және олардың тиімділігін арттыру ж
«Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарында іске асырылатын инвестициялық жобаларға 2018 жылы жүргізілген ведомостводан тыс кешенді сараптама нәтижелерін талдау және олардың тиімділігін арттыру жолдары «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалында 2019 жылдың 24 сәуірінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы Құрылыс, Энергетика және тұрғын үй-коммунадық шаруашылық және Транспорт және автомобил жолдары басқармалары өкілдері мен бас жобалаушылардың қатысуымен инвестициялық жобаларға 2018 жылы жүргізілген ведомостводан тыс кешенді сараптама нәтижелерін талдау бойынша мәжіліс өткізілді. Филиалда 2018 жылы 437 құрылыс нысандарының жобаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 52 нысан жобасына теріс қорытынды беріліп кері қайтарылды, қалған 385 жоба бекітілуге ұсынылды, олардың құрылысының жалпы сметалық құны 294,432 млрд. тенгені құрады. Сараптама жүргізу нәтижесінде объектілердің сметалық құны 27,001 млрд теңгеге азайды. Үнемделген қаражат 8,4 % құрады. Бұл көрсеткіштер 2017 жыл қорытындысынан әлдеқайда төмен. Сараптаманың теріс қорытындысы берілген жобаларда нормативтік құжаттардың келесі талаптарының ауытқулары орын алған: технологиялық процесстердің сақталмауы, көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдердің тиімсіз болып қабылдануы, нысандарды желдету және су-, электр-, газ- және жылумен қамтамасыз етілулерінің ауытқушылықтармен орындалуы, нысандар құрылысына қарастырылған жер телімдері аудандарының автомобилдер тұрақтарын орналастыруға, және де аумақты көгалдандыру мен аббатандыруға жеткіліксіз болып бөлінуі жатады. Бюджеттік шығындарды үнемдеу мақсатында бас жобалаушыларға бірінші кезекте жобаланып жатқан нысандар бойынша оңтайлы технологиялық, көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді қабылдауды, сонымен бірге ғимараттар мен имараттардағы энергиялық тиімділік бойынша талаптардың сақталуын, отандық тауар өндірушілермен өндірілген қазіргі заман талаптарына сай материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды қолдану талаптарының орындалу қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді. Мәжілісте 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап нысандар жобаларын әзірлеу барысында, параметрлік әдісті негізге алып, қолданысқа енгізілген жаңа нормативтік базаның қолданылу барысы талқыланды. Мәжіліске қатысушылар тапсырыс берушілер, сараптама ұйымдары және жобаларды әзірлеушілермен бірігіп Евроодаққа кіретін мемлекеттерде қолданылатын, Еврокодтар негізге алынған, жаңа нормативтік базаны қолдануға кеңестер өткізу бойынща ұсыныс қабылданды.