Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында салалық мамандықтарды дәріптеу бойынша «Мемсараптама» РМК-нің

2019-10-16
Мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында салалық мамандықтарды дәріптеу бойынша «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалымен жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпараттық анықтама (2019 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 5 наурыздағы аппараттық жиын хаттамасының 8 тармағын орындауда «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалымен мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында салалық мамандықтарды дәріптеу жұмыстары жалғасты. Жаңа 2019-2020 оқу жылында өңірдегі мектептермен, колледждермен кәсіби байланыс және ынтымақтастық қазан айында басталды. 2019 жылғы 16 қазан күні филиал «Талдықорған қаласының білім бөлімі» ММ А.С. Макаренко атындығы №6 орта мектеп» КММ 11 сынып оқушыларымен кездесті. Көшпелі жиналыста филиал атынан өндірістік бөлім сапаршылар С. Текеев және А. Атибеев қатысты. Жиын барысында аймақтағы құрылыс саласының даму болашағы, Талдықорған қаласының құрылыс саласындағы соңғы жетістіктері баяндалды және «құрылысшы» мамандығының маңыздылығы мен мүмкіншіліктері айтылып өтті. Болашақта аталған бүгінгі бағытта өткізілетін ашық есік күндері де болашақ түлектердің кәсіби мамандықтарды таңдауына итермелейді деп ойлаймыз.