Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-де конструктивтік бөлім бойынша сарапшыларға арналған қашықтан оқыту іс-шаралары форматында семинар өтті.

2020-04-06
2020 жылғы 30 наурыздан 3 сәуір аралығында және 2020 жылғы 11-15 мамыр аралығында «World Class Education» ЖШС ұйымдастырған, конструктивтік бөлім бойынша сарапшыларға арналған семинар өткізіліп, оған филиалдың өндірістік бөлімінің сарапшысы М.Е. Шолпанбаев қатысты. Семинар бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтыды: конструкцияларды жобалау негіздері, конструкцияларға әсерлер, болат конструкцияларды жобалау және т.с.с., ол Белорусь республикасында, Евроодақ елдерінде (Чехия, Польша, Германия) жобалау кезінде Еврокодтарды тәжірибелік қолдану материалдарына негізделген және Қазақстан Республикасында пайдалануға бейімделген. Семинарды техникалық ғылымдар кандидаты, доцент В.В. Надольский (Белорусь республикасы, Минск қаласы) жүргізді. Семинарлар соңында қатысушыларға курстарды сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды. «Мемсараптама» РМК басшылығына семинардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтамыз!