Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Нұр-Сұлтан қаласында «Мемсараптама» РМК-нің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жыл жоспарлары бойынша республикалық жиналысы аясында «Адамдарды басқару» тақырыбында семинар өтті.

2020-02-24
Нұр-Сұлтан қаласында «Мемсараптама» РМК-нің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жыл жоспарлары бойынша республикалық жиналысы аясында «Адамдарды басқару» тақырыбында оқытып-үйрету семинары өткізіліп, оған «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров қатысты. Семинарда мынадай мәселелер талқыланды: коммуникацияның тиімді стратегияларын өз адамдарыңыз бен өзге де адамдарды ынталандыруға қажеттіліктерді түсіне білу арқылы құру, көщбасшылық арқылы ынталандыру, мінез-құлқымыз бен айналамыздағы әлемде не өзгерте аламыз, құзыреттіліктің жаңа моделіне сәйкес мінез-құлықты қалай тиімді бағалау керек, сенім – біздің жаңа корпоративтік мәдениетіміздің іргетасы және т.б. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Мемсараптама» РМК-нің республикалық жиналысын және оқытып-үйрету семинарын жоғары дәрежеде ұйымдастырылған семинар үшін «Мемсараптама» РМК басшылығына алғысымызды білдіреміз!