Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Мемсараптама Astana Build 2022 көрмесінде жаңа цифрлық жүйені көрсетті

2022-05-25
Мемсараптама Astana Build 2022 көрмесінде жаңа цифрлық жүйені көрсетті
Мемсараптама Astana Build 2022 көрмесінде жаңа цифрлық жүйені көрсетті
Мемсараптама Astana Build 2022 көрмесінде жаңа цифрлық жүйені көрсетті
25-27 мамыр аралығында Нұр-сұлтан қаласында жыл сайынғы Astana Build 2022 халықаралық құрылыс көрмесі өтті. Осы жылы құрылыс көрмесі Энергетика, еңбекті қорғау және тамақ өнеркәсібі саласындағы көрмелермен бір алаңда өтті. Көрме барысында кәсіпорын делегациясы отандық және шетелдік өндірістің құрылыс өнімдерімен танысты, сондай-ақ Қазақстанда BIM-технологияларды дамытуға арналған дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел аясында кәсіпорын қызметкерлері Саламат Серікқалиев пен Иван Нечаев құрылыс объектісін жобалауға қатысушылардың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай цифрлық алаң ретінде жайғастырылған ГБИМ-1 жобалық атауымен жаңа жүйе туралы айтып берді. Спикерлер дөңгелек үстелге қатысушыларды, соның ішінде жобалау және құрылыс компанияларының өкілдерін жаңа жүйені құрудың алғышарттары, оның ағымдағы жай-күйі және оны одан әрі дамыту жоспарлары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар үшін жаңа жүйенің және оның негізгі функционалдық мүмкіндіктерінің техникалық көрсетілімі өткізілді