Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Air Liquide" (Франция) компаниясының өкілдерімен кездесу

2022-09-14
"Air Liquide" (Франция) компаниясының өкілдерімен кездесу
"Air Liquide" (Франция) компаниясының өкілдерімен кездесу
"Air Liquide" (Франция) компаниясының өкілдерімен кездесу
2022 жылғы 14 қыркүйекте "Мемсараптама" РМК конференц-залында "Air Liquide" (Франция) компаниясының өкілдерімен іскерлік кездесу өтті. "Air Liquide" компаниясының негізі 1902 жылы қаланған, штаб-пәтері Париж қаласында (Франция) орналасқан. "Air Liquide" негізгі бағыты аутсорсинг негізінде өнеркәсіптік тапсырыс берушілерге техникалық газдарды (оттегі, азот, сутегі, аргон және т.б.) және энергияны (бу, электр энергиясы) өндіру және жеткізу болып табылады. "Air Liquide" корпорациясы өнеркәсіп, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау үшін газ өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания әлемнің 80-нен астам елінде ұсынылған, оның басқаруында 433 қондырғы бар және 65 мың қызметкері бар. Іскерлік кездесуге Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Т. Д. Қарағойшин, "Мемсараптама" РМК бас директоры К. ж. Қажкенов, "Мемсараптама" РМК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары А. Жексенбай, "Мемсараптама" РМК бас директорының нормативтік-техникалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңесшісі"Тихонюк Н.П., "Liquide Munay Tech Gases" ЖШС Бас директоры Каан Орчун Бакыр, "Air Liquide" компаниясының техникалық мәселелер жөніндегі уәкілі Т.Кондратенко, "Liquide Munay Tech Gases" ЖШС жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы А. Кабдушев, оның шеңберінде техникалық газдарды өндіру қондырғылары құрылысы жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өту мәселелері талқыланды.