Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Баға бойынша қоғамдық тыңдаулар

2022-12-06
Баға бойынша қоғамдық тыңдаулар
Баға бойынша қоғамдық тыңдаулар
2022 жылғы 6 желтоқсанда мемлекеттік монополия субъектісі ретінде «Мемсараптама» РМК өндіретін және (немесе) іске асыруға жоспарланған тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу бойынша, атап айтқанда құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу жөніндегі қызметтерге қоғамдық тыңдаулар өтті. Бұл құн жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. Заңмен Кәсіпкерлік кодекстің 193-бабына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алу негізінде мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды қалыптастыру көзделеді. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 сәуірдегі №7 бұйрығы) толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Осыған орай, мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасына сараптама жүргізу, оның ішінде «Мемсараптама» РМК жүргізетін ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құны бойынша сараптама жүргізу қажет болды. Өткен қоғамдық тыңдауларға жобалау ұйымдары, тапсырыс берушілер, монополияға қарсы органның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Сараптама ұйымдары палатасы» АСҰКБ өкілдері және басқалар қатысты. Тыңдауларда мынадай мәселелер қаралды: ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны қалай есептелген, жаңа өзгерістер қашан күшіне енеді және олар күшіне енген кезде жаңа өзгерістер кімге қолданылатын болады. Жалпы, тыңдаушылар ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құнын айқындаудың көрсетілген жобасы бойынша ескертулер мен шағымдар айтқан жоқ және қоғамдық тыңдаулар өтті деп танылды.