Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының сапа менеджменті жүйесі бойынша инспекциялық аудит

2022-12-09
«Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының сапа менеджменті жүйесі бойынша инспекциялық аудит
«Мемсараптама» РМК Кәсіпорында қабылданған сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) бойынша бизнес-процестерді үнемі жақсарту және олардың ықтимад осалдықтарын талдау бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыруда. Оған дәлел – СМЖ жұмыс істеп тұрғанын, тұрақты жақсарту қағидатына сәйкес дамитынын тексеру және 2021 жылғы 24 қарашада алынған № 21.2184.026 сертификатты растау мақсатында, 2022 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында «Мемсараптама» РМК мен оның филиалдарының ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне СМЖ бойынша инспекциялық аудиттің сәтті өтуі. Инспекциялық аудитті сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық орган «Русский Регистр Еуразия» ЖШС-ның аудиторлары жүргізді. Оның қорытындылары бойынша аудиторлар құрылымдық бөлімшелер арасындағы бизнес-процестердің өзара іс-қимылының жоғары деңгейін, басшылардың кәсібилігін, сондай-ақ менеджмент жүйесін жұмысқа қабілетті жағдайда ұстауға жауапты Кәсіпорын қызметкерлерінің құзыреттілігін атап өтті. Инспекциялық аудиттің нәтижелері бойынша «Мемсараптама» РМК-нің менеджмент жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешім қабылданды.
AttachmentКөлем
21.2184.026.pdf7.55 MB