Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Госэкспертиза» РМК Наурыз мейрамы тойланды

2023-05-15
«Госэкспертиза» РМК Наурыз мейрамы тойланды
«Госэкспертиза» РМК Наурыз мейрамы тойланды

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Госэкспертиза» РМК ғимаратында Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті. Күн мен түн теңесетін мерекені жыл басы санайтын шығыс халықтарының бай мәдениеті мен салт-дәстүрі көрсетілді.

«Госэкспертиза» РМК басшысы Қуандық Жұмабекұлы жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, мемлекет алдында тұрған жауапты да маңызды міндетті абыроймен атқарып жатқан баршаға алғысын білдіріп, әр шаңыраққа мерейлі шаттық, мызғымас ынтымақ тіледі.
Бұл көктем бұрынғы көктемнен өзгеше. Жер дүние жаңарып, тіршілікке жан бітіп, көктеп-көгерер шақта бәріміз Тәуелсіз Қазақстанның тағы бір жаңа белеске шығып, бейбітшілігімізді нығайтатын нақты қадамдарының куәсі болатын айтулы мерекелердің бірі екені жасырын емес.
Түскі үзіліс кезінде ұйымдастырылған шара барысында сахналық қойылымдар көрсетілді. Мерекелік іс-шараға мекеме қызметкерлерінің балалары мен отбасылары да қатысты. Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүріне сай жиналғандарға ұлттық тағам «Наурыз көже» таратылды. Сәйкесінше, іс-шара барысында жігіттер арасында «Жігіт сұлтаны» номинациясы бойынша түрлі жарыстар болып, үздік ұлттық киім киген қызметкерлерге түрлі сыйлықтар таратылды. Бұл айтулы мерекеде, біздің ұлттық ойындарымызда елеусіз қалған жоқ.