Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» аясында дөңгелек үстел өтті

2023-05-17
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» аясында дөңгелек үстел өтті
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» аясында дөңгелек үстел өтті
«Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» аясында дөңгелек үстел өтті
Ағымдағы жылдың 17 мамырында «Құрылыс сараптамасы институтын дамыту» VI Халықаралық конференциясы аясында «Әзірленген жобалық құжаттаманың сапасын арттыру бойынша инженерлік қызметтерді жүзеге асыру және құрылыс шығындарын басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ресей Федерациясының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің «Главгосэкспертиза» ФАМ ұйымдастырған іс-шараға 4 мемлекет қатысты. Оныі ішінде Қазақстан, Беларусь, Қырғыстан және Өзбекстан сынды мемлекеттер де бар. Шараға «Мемсараптама» РМК бас директор орынбасары, департамент басшысы және сарапшылар қатысты. Жобаның негізгі мақсаты құрылыстағы сыртқы шығындарды азайту мен инженерлік қызметтерді жүзеге асыру. Дөңгелек үстел жұмысының модераторы «Главгоэкспертиза» ФАМ Инженерлік орталығы басшысының орынбасары Марина Сергеевна және бөлім меңгерушісі Елена Геннадьевна болды. Сәйкесінше, шара барысында Инжиниринг орталығының күрделі салымдардың тиімділігін талдау бөлімінің басшысы Елена Геннадьевна, күрделі құрылыс объектілерін салу және реконструкциялаудың сметалық (шекті) құнын қалыптастыру әдістемесі бойынша да тоқталды. Кейін «сұрақ-жауап» форматында диалог ұйымдастырылып, қызықтырған сауалдарына жауап алды.