Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ақтөбеде құрылыс нысандарын дамыту мәселелері талқыланды

2023-05-30
Ақтөбеде құрылыс нысандарын дамыту мәселелері талқыланды
2023 жылғы 24 мамырда Ақтөбе қаласында, Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында «Мемсараптама» РМК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ орталығы өкілдерінің, құрылысқа тапсырыс берушілердің, жобалау ұйымдарының және сметашылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.С.Алдияров ашты. Сәйкесінше, қатысушыларды кездесудің мақсатымен таныстырып, жобалық және сараптамалық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық базадағы соңғы өзгерістер туралы ақпараттандырды. Одан кейін сөз «Мемсараптама» РМК бас директорының орынбасары Ж.Ж Ботенбаевқа берілді. Спикерлердің баяндамаларында толығырақ ақпарат берілді: «Мемсараптама» РМК Әдістеме бөлімінің басшысы Ақанов Е.Б. – нормативтік құжаттардағы өзгерістер туралы; BIM-технологиялар кафедрасының меңгерушісі Нечаев И.И. -құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу технологиялары (ҚОАМТ) бөлігінде мемлекеттік стандарттарды жетілдіру туралы және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ реттеу орталығының директоры Хасен А.А. – құрылыстың сметалық құнын қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы ақпараттар ұсынылды. Дайындалған материалдардың тұсаукесері аяқталғаннан кейін спикерлер құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде де, оларды жүзеге асыру кезінде де туындайтын өзекті мәселелерге жауап берді. Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша, жобалау қызметін дамытудың негізгі векторы - құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде қажетті жобалау, басқа да жұмыстар мен қызметтер бойынша барлық дерлік ұйымдастырушылық және басқару функцияларын цифрландыру болып табылатынын көрсетті. Осыған байланысты құрылыс жобаларының ақпараттық үлгілерін құру технологиялары үшін нормативтік-құқықтық база мен ұйымдық-техникалық базаны құруға күш салу қажет. Жобалау-сараптама қызметін жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін сараптамалық қызметке құрылыс объектілерін ақпараттық үлгілеудің инновациялық технологияларын енгізу мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.