Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Revision of БІРІККЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ «МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ САЯСАТЫ from 2012-04-04

БІРІККЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ «МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ САЯСАТЫ
Тапсырысшылардың талаптарын қанағаттандыруды, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамға тіршілік етуге қолайлы және қауіпсіз жағдайды және жобаланып жатқан құрылыс объектілерінің оны пайдалануға тапсырғаннан кейін қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында «Мемсараптама» РМК-ның (Мемсараптама) басшылығы өзіне келесідей міндеттемелерді алады:
1. ISO 9001:2008 сапа, ISO 14001:2004 экология, OHSAS 18001:2007 өнеркәсіп қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ISO/IEC 27001:2005 ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес біріккен менеджмент жүйесін тұрақты жетілдіру және ұдайы талдау, сондай-ақ біріккен менеджмент жүйесі саласындағы «Мемсараптама» РМК-ның осы Саясаты мен мақсаттарын іске асыру үшін қажетті ресурстар ұсыну.
2. Экология, өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және ақпараттық қауіпсіздік сараптама жүргізу сапасы саласындағы, кәсіпорынның еңбек қызметіндегі сияқты жобаларға (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаларына) кешенді бағалау жүргізу барысында да заңдық және өзге де талаптарды қалтқысыз сақтауды қамтамасыз ету.
3. «Мемсараптама» РМК-ның барлық ұжымының кәсіби деңгейі мен жауапкершілігін тұрақты көтеру бойынша жұмыс жүргізу және кәсіпорынның барлық персоналының толық қатысуын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті жағдайлар жасау.
4. Экологиялық аспекттерді анықтау және біріздендіру, болуы мүмкін тәуекелді бағалау жүргізу және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау арқылы «Мемсараптама» РМК-да қаралатын құрылыс жобаларының техногендік жүктемесінің және кәсіпорын қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға тырысу.
5. Кәсіпорындағы өнеркәсіп қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жүйесінің менеджменті қызметі шеңберінде қауіптерді бірдейлендіру, тәуекелдерді бағалау және басқару шараларын тұрақты жетілдіру.
6. Кәсіпорынның экологиялық менеджмент жүйесінің қызметі шеңберінде маңызды экологиялық аспекттерді бірдейлендіру және анықтау үдерісін ұдайы жетілдіру.
7. Кәсіпорын қызметінің нәтижесін талдау және тапсырысшылармен кері байланыс тәсіліне сүйеніп, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізу сапасына қатысты олардың толық қанағаттанарлық болуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын жұмысының тиімділігін ұдайы көтеру.
8. «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жұмыс жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жақсарту.
9. Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін дамыту және қолдау.
10. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында денсаулықтың бұзылуын немесе нашарлауын алдын ала ескерту шараларын қолдансын.
11. «Мемсараптама» РМК мен аумақтық бөлімшелер үшін біріккен менеджмент жүйесі саласының біртұтас әдістемелік базасын ұдайы дамыту.