Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары қазандық жабдықтарын шығару жөніндегі кәсіпорындарында болды

2011-05-18
«Мемсараптама» РМК-ның мамандары қазандық жабдықтарын шығару жөніндегі кәсіпорындарында болды

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары 2011 жылғы сәуірдің аяғында Хельсинки қаласы (Финляндия) мен Ленинград облысына (Ресей Федерациясы) «Энтророс», «Оilон» компанияларының өнімдерімен және қазандық жабдықтарының жұмыстарымен танысып қайтты.
Мамандар РФ Ленинград облысына сапар барысында «Энтророс» қазандық жабдықтарының зауытында болып, зауыт шығаратын өнімдермен танысты, сондай-ақ Санкт-Перебор қаласының Шушары және Царское село кенттерінде орналасқан «Энтророс» компаниясының қазандықтарымен және «Оilон» компаниясының шілтерлерімен жабдықталған қазандық жұмыстарымен танысты.
Бұдан басқа, мамандар Хельсинки қаласындағы қуаты 250 МВт пиктік су жылыту қазандығында болды, онда «Оilон» компаниясының шілтерлерінің ерекшеліктерімен танысты. «Оilон» шілтеріндегі шілтер санының нақтылығы мен ауаны реттеуінің арқасында жақсы әсер береді.