Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалардың мемлекеттік сараптамасы жүйесінде келешекте ақпараттық кеңістікті дамыту жөніндегі республикалық семинар-кеңес.

2010-08-19

        «Мемсараптама» РМК сарапшыларының кәсіби біліктілігін көтеру бойынша бекітілген бағдарламаға сәйкес 2010 жылы 13 тамызда Петропавл қаласында «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелер басшыларының қатысуымен республикалық семинар-кеңес болып өтті, кеңесте  2010 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын қорытындылау  және келешекте мемлекеттік сараптама жүйесінде біртұтас электронды құжат айналымының жүйесі мен біріккен менеджмент жүйесін дамыту мәселелері сөз болды.

            Республикалық семинар-кеңес шеңберінде «Мемсараптама» РМК Бас директорының орынбасары С.Бекмұхамбетовтің «2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстарды қорытындылау және 2010 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттер» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.

            «Аумақтық бөлімшелерде біртұтас электронды құжат айналымының жүйесі мен біріккен менеджмент жүйесі» тақырыбында аумақтық бөлімшелердің басшылары біртұтас электронды құжат айналымының жүйесі мен біріккен менеджмент жүйесін енгізу нәтижелері туралы сөз сөйледі.

            Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК жүйесінде келешекте электронды құжат айналымы мен біріккен менеджмент жүйесін келешекте жетілдіру және дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.