Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қызметкерлердің біліктілігін көтеру

2010-11-08
Қызметкерлердің біліктілігін көтеру

«Мемсараптама» РМК-мен бекітілген сарапшылардың білітілігін көтеру бағдарламасына сәйкес 2010 жылдың 1-нен 4-ші маусымы аралығында Мәскеу қаласында Халықаралық су бірлестіктерінің конференциясы болып өтті. Конференция негізгі екі басты тақырып бойынша өтті, ол «Сумен жабдықтау» және «Сарқынды суларды тазарту», бұған «Мемсараптама» РМК, оның еншілес кәсіпорындары мен филиалдарының мамандары қатысты. Конференция бағдарламасында қалалар мен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және сарқынды суды тазартудың өзекті мәселелері сөз болды.
Конференция шеңберінде «Сумен жабдықтау» секциясы бойынша семинарлар мына тақырып бойынша өтті: «Су құбырлары стансаларын жобалау», «Су құбырлары стансасының экономикасы: шығынды оңтайландыру және энерго, ресурс тиімділігінің проблемалары», «Су құбырлары стансаларын эксплуатациялау: оңтайландыру тәжірибесі мен жолы» «Ауыз суды дайындаудың дәстүрлі технологиясы» және «Өндірістегі судың келешектегі технологиясы».
«Сарқынды суды тазарту» секциясында «Кәріздік тазарту құрылғыларын жобалау», «Кәріздік тазарту құрылғыларын эксплуатациялау», «Өнеркәсіптік сарқынды сулар» және «Сарқынды суды тазартудың инновациялық технологиясы» тақырыбында семинарлар өтті.
Конференция барысында көрмелер ұйымдастырылды, онда суды, ауаны залалсыздандыру жүйесі мен ултракүлгін жабыны, кешенді тазарту құрылғылары мен жабдықтары, бақылау және басқару жүйелерінің технологиялары ұсынылды.
Сондай-ақ Курьяновск стансасындағы сарқынды суды тазарту мен «Мосводоканал» ғылыми орталығында таныстыру саяхаты болды.