Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары тәжірибе алмасу мақсатында Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында болып қайтты.

2010-11-10
«Мемсараптама» РМК-ның мамандары тәжірибе алмасу мақсатында Сеул (Оңтүстік Корея) қаласында болып қайтты.

«Мемсараптама» РМК-мен бекітілген сарапшылардың біліктілігін арттыру бағдарламасына сәйкес 2010 жылғы қазанның аяғында «Мемсараптама» РМК-ның мамандары Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) жол құрылысы, жол қозғалысын ұйымдастыру және басқару саласындағы тәжірибелерін оқып үйрену мақсатында барып қайтты.
Қазақстандық сарапшылар Сеул қаласында көшелерді, автомобиль жолы мен көпірлерді бейнебақылау, жарықтандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру мен реттеу бойынша жабдықтар шығаратын «SAMSUNG» - «SAMSUNG SDS» фирмасында болды .
Сонымен қатар мамандар Сеул қаласының автожол ақпарат орталығы мен бірнеше құрылыс объектілерінде де болды, онда Сеул қаласында қазіргі кезде қолданылып жүрген бейнебақылау жүйесі мен жол қозғалысын басқарумен, көпір, жолөткелдері және өзге де гофрирленген металлдан жасалған жасанды құрылыстар технологиясымен танысты.