Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа отырысы

2011-01-15
Қазақстан Республикасы  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа отырысы


Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа отырысы

2011 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Мәсімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті, оған ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, орталық атқару органдарының жетекшілері, ҚР Парламентінің депутаттары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Алқа отырысында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі қызметінің 2010 жылға арналған есебі тыңдалды.
Алқа отырысын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы С.Нокин кіріспе сөз сөйлеп ашты, өз сөзінде 2010 жылғы Қазақстанның құрылыс саласындағы негізгі жетістіктері мен 2011 жылы алға қойылған негізгі міндеттерді атап көрсетті. Ол баяндамасында 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды, үлестік құрылыс объектілерін аяқтауды мемлекеттік қолдау бағдарламасын іске асыру нәтижелерін, «Жол картасы 2010» бағдарламасын іске асыру және т.б. қорытындылады.
Агенттіктің 2011 жылы орындауға тиіс негізгі міндеттері ретінде:
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы мен «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асыру;
- ҚР аумағынан Бас схеманы ұйымдастыруды әзірлеу;
- республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру;
- жаңа сметалық-нормативтік базаға өту бойынша жұмыстарды жалғастыру анықталды.
Алқа отырысы шеңберінде өзге де сөз алушылар болды, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басқарма директоры К.Әйтекенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.А.Долженков, «КазСтройСтекло» ЖШС-нің Бас директоры М.Тоқмәди және Агенттік департаменттерінің директорлары мен акционерлік қоғам жетекшілері сөз сөйледі.
Алқа отырысының екінші бөлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Мәсімов сөз сөйлеп Агенттіктің 2010 жылғы барлық міндеттемелерін орындағанын көрсете келіп, 2011 жылғы міндеттерін айқындап берді, олар:
- құрылыс сапасын көтеру;
- баға белгілеуді жетілдіру;
- жаңа технологиялар енгізу.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Мәсімов қорытынды сөзінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің атқарған жұмыстарына ризашылығын білдіріп 2011 жылғы жұмысына табыс тіледі.