Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2010 жылдың қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК жүйесінде мемлекеттік сараптамадан өткен құрылыс жобаларындағы қазақстандық үлес жөніндегі ақпарат

2011-02-16
2010 жылдың қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК жүйесінде мемлекеттік сараптамадан өткен құрылыс жобаларындағы қазақстандық үлес жөніндегі ақпарат

Бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінде құрылыс салуға (қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, техникалық қайта жарақтандыруға) арналған 10 063 жобалау құжаттамасы қаралды. Оның ішінде 9 888 құжаттама бекітілуге ұсынылды. Барлық бекітілуге ұсынылған жобаларда отандық құрылыс материалдары, бұйымдары, құрастырмалары мен технологиялық, инженерлік жабдықтарды қолдану көзделген.
2010 жылы «Мемсараптама» РМК–ның жүйесінде мемлекеттік сараптамадан өткен объектілер құрылысына (қайта жаңарту, күрделі жөндеу, техникалық қайта жарақтандыру) арналған жобаларға талдау жүргізілді. Жүргізілген талдау көрсеткендей жобадағы құрылыстың жалпы сметалық құнының 71,2% қазақстандық үлес бар:
- тұрғын-үй-азаматтық құрылыс объектілері бойынша - 73,7%;
- инженерлік-құрылыс құрылым объектілері бойынша - 44,9%;
- жол құрылысы объектілері бойынша - 83,3%;
- магистральды инженерлік желілер объектілері бойынша - 60,5%;
- мұнай газ секторы объектілері бойынша - 21%;
- өнеркәсіп объектілері бойынша - 66,5%.
Күрделі жөндеу кезінде объектілердің бұл көрсеткіштері 81,9% құрады. Құрылыс жобаларындағы қазақстандық үлес көлеміне негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, құрастырмалары және жабдықтары өндірісінің болмауы әсер етуде, әсіресе:
- инженерлік жүйелердің тұрба құбырларын ішкі таратуға арналған металдан жасалған шағын тұрбалар;
- магистральды су құбырлары мен кәріз, жылумен қамтамасыз етуге арналған үлкен диаметрлі болат және пластикалық тұрбалар;
- керамикадан жасалған қазіргі жабын материалдары, құрылыс шынысы, санитарлық-техникалық бұйымдар;
- зерленген керамикалық тақталар, еден жабындары мен өзге де әрлеуге арналған арнайы материалдар;
- білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы және мұнай газ секторы объектілеріне арналған технологиялық және инженерлік жабдықтар.