Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Франкфуртке (Германияға) барып қайтты

2011-03-25
«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Франкфуртке (Германияға) барып қайтты

«Мемсараптама» РМК мамандарының біліктілігін жоғарылату бағдарламасына сәйкес «Мемсараптама» РМК-ның сарапшы-мамандары 2011 жылғы 15-нен 17-ші наурызына дейін «Viessmann» компаниясының технологиялары және жабдықтарымен танысу және ISH халықаралық көрмесіне қатысу мақсатында Майндағы Франкфуртке барып қайтты.
Сапар барысында сарапшы-мамандар зауытта және «Viessmann» компаниясының академиясында болды, Академиядағы мамандар даярлау бойынша жүргізілетін жұмыстармен және жылумен қамтамасыз ету жүйесіне арналған компания өндіретін жабдықтармен танысты, сондай-ақ Эдер өзеніндегі гидроэлектр стансасында болды.
Осы сапар бағдарламасы шеңберінде сарапшы-мамандар сантехникалық жабдықтар, сумен қамтамасыз ету қондырғыларымен, жылу жүйесі, желдету мен ауаны баптаудың ISH 2011 халықаралық көрмесіне қатысты. Көрме сөрелері мен қабырғаларында инженерлік жүйелерінің, жаңартылатын энергетика көздерін пайдалану жабдықтарының қазіргі энергетикалық үдемелі технологиялары көрсетілді.