Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК мен еншілес кәсіпорын және филиалдарының мамандары семинарға қатысты

2011-03-05
«Мемсараптама» РМК мен еншілес кәсіпорын және филиалдарының мамандары семинарға қатысты

«Мемсараптама» РМК мамандарының біліктілігін жоғарылату бағдарламасына сәйкес Алматы қаласында осы жылдың наурыз айының басына қарай «ТЮФ Интернациональ РУС» ААБ-нің ұйымдастыруымен «900 сериялы ИСО стандарттары негізінде сапа менеджменті жүйесін құжатпен ресімдеу және құру» тақырыбына арналған «Мемсараптама» РМК мен еншілес кәсіпорын және филиалдарының мамандары семинарға қатысты.
Семинар барысында сапа менеджменті жүйесіндегі сапа менеджменті аудитін, жүйені тұрақты жақсарту тәсілін, сапа менеджменті жүйесін құжатпен ресімдеудің негізгі мәселелері қаралды.
Семинарда алынған ақпаратты «Мемсараптама» РМК мен еншілес кәсіпорын және филиалдарының мамандары біріккен менеджмент жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу барысында тәжірибеде қолданатын болады.