Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентінен ғылыми-білім беру кешенін (агроөнеркәсіп кешенін) құру» жобасының техника-экономикалық негіздемесінің тұсау кесері

2011-04-08
«Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентінен ғылыми-білім беру кешенін (агроөнеркәсіп кешенін) құру» жобасының техника-экономикалық негіздемесінің тұсау кесері

Осы жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный кентінен ғылыми-білім беру кешенін (агроөнеркәсіп кешенін) құру» жобасының техника-экономикалық негіз-демесінің тұсау кесерімен бірге техникалық кеңес өтті. Жобаны іске асырудағы негізгі мақсат әлемдегі ең үздік кешендерге ұқсастырып халықаралық деңгейде салалық ғылыми білім беру кешенін құру.
Жобаны іске асыру жер бөлуде және мал шаруашылығында жаңа технологиялар құруға, агроөнеркәсіп кешеніне арналған жоғары білікті ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауды қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылық мәдениеті мен ауыл шаруашылығының жаңа сұрпын селекциялау, мал шаруашылығын асыл тұқымдандыру, агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін ұлғайту, отандық аграрлық ғылымды әлемдік ғылыми жүйемен бірлестіруге қол жеткізеді.
Осы жиналыстың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімберушілерді қолдау мақсатында қаралған жобалау шешімдерінен отандық үлесті ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға қатысты ұсыныстар жасалды.