Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының қатысумен өткен республикалық семинар

2011-05-21
«Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының  қатысумен өткен республикалық семинар

Астана қаласында 2011 жылдың 18 мен 19 мамыр аралығында бекітілген «Мемсараптама» РМК сарапшыларының біліктілігін көтеру бағдарламасына сәйкес «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының қатысумен құрылыс жобасының сәулет – жоспарлау және конструктивтік бөлімдері бойынша республикалық семинар өтті. Республикалық семинар өткізу кезінде мамандар «Құрылыс және Интерьер, Жылу мен Желдету, Терезелер мен Есіктер, Қасбеттер, Керамика және Тастар» - «AstanaBuild 2011» 11-ші Қазақ халықаралық құрылыс көрмесін тамашалады.
Республикалық семинар шеңберінде «Қазақстандағы еуропалық біріздендірілген құрылыс нормаларының кейбір аспектілері туралы» (баяндамашы Әдістемелік және бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Е.Ақанов), «Мемсараптама» РМК Бас кәсіпорнының сатып алған бағдарламаларымен қамтамасыз ету және бұл бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі туралы» (баяндамашы – «Мемсараптама» РМК конструкторлық секторының басшысы Н.Иванов), «еншілес кәсіпорындар берген қорытындылардың конструктивтік бөлімдері бойынша «Мемсараптама» РМК Бас кәсіпорынының ескертпелері мен ұсыныстары (баяндамашы өндірістік бөлімнің бас маманы А.Гниненко), «Құрылысы мен пайдалануға беру тәжірибесін ескеріп, кірпіштен салынған ғимараттарды жобалау мәселелері» (баяндамашы өндірістік бөлімнің бас маманы Т.Мамаев), «Конструктивтік бөлімі бойынша сараптамаға ұсынылатын есеп материалдарының құрамы мен мазмұны» (баяндамашы өндірістік бөлімнің бас маманы Б.Үрістембеков), «Құрылыстағы экология» (баяндамашы өндірістік бөлімнің бас маманы А.Шоқпарова), «Мономах, Лира, ФОК бағдарламаларының көмегімен құрылыс конструкцияларының кешенді есебі» (баяндамашы – «Албау Стройсофт» ЖШС-нің директоры Н.Чернушенко) баяндамалары тыңдалды.
«Мемсараптама» РМК бас кәсіпорын мен оның аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының қатысумен өткен респбликалық жиынды «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б.Ережепов қорытындылады.
Республикалық семинар қорытындыланғасын «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорыны мен оның аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшылары сәулет-жоспарлау және конструктивтік, жобалау-сметалық құжаттамалары бойынша мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты