Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Астана қаласының қала маңы аймағындағы «Жасыл Аймақ» РМК-нан орман алқабы мен өндірістік база құру» жобасының техника-экономикалық негіздемесінің тұсаукесері

2011-05-23
«Астана қаласының қала маңы аймағындағы «Жасыл Аймақ» РМК-нан орман алқабы мен өндірістік база құру» жобасының техника-экономикалық негіздемесінің тұсаукесері

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2011 жылдың 17 мамырында «Астана қаласының қала маңы аймағындағы «Жасыл Аймақ» РМК-нан орман алқабы мен өндірістік база құру» жобасының техника-экономикалық негіздемесінің тұсаукесері мен техникалық кеңес өтті. Осы жобаны іске асырудағы негізгі мақсат орман алқабын отырғызуды кеңейту жолымен мегаполис (Астана қаласы) халқының және қала маңындағы өзге де елді мекендердің санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту, өңірдің экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру және жақсарту, жел өтін азайту, аңызақ жел мен дауылды, қарлы боранды сейілту, су реттеу, суды қорғау, топырақты қорғауда орманның рекреационды ролін күшейту.
Осы кеңестің қорытындысы бойынша қазақстандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында қаралған жобалау шешімдеріндегі отандық қамту үлесін ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға ұсыныстар жасалды.