Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Батыс Еуропа елдеріндегі су тазарту құрылыстарында болды

2011-05-24
«Мемсараптама» РМК-ның мамандары Батыс Еуропа елдеріндегі су тазарту құрылыстарында болды

Бекітілген сарапшылардың біліктілігін көтеру бағдарламасына сәйкес «Мемсараптама» РМК-ның маман-сарапшылары 2011 жылдың 8-нен 18 мамырына дейін Батыс Еуропа елдеріне Норит, Нордик Ватер, Латфин Сервис фирмаларының су тазарту құрылыстары жұмыстарының технологиясымен танысу мақсатында барып қайтты.
Амстердам (Голландия) қаласына сапары барысында мамандар болып мембранды ультрафильтрациялау орнату үшін модуль шығару жөніндегі Норит зауытында және Амстердамның қалашығындағы екі кәріздік тазарту құрылыстары бар мембранды биореактор технологиясымен танысты.
Бельгия мен Германияда мамандар су тазарту құрылыстарында болып, УФ-мембран технологияларының тігінен және көлбеу орындалуымен (арнадан су жинау, су қоймасынан су жинау) танысты.
Швецияға сапары барысында Стокгольм қаласы маңындағы мамандар су тазарту және кәріз тазарту құрылыстарында болды, онда фильтрациялау технологияларымен танысты.
Хельсинки (Финляндия) қаласында кәріз және су тазарту құрылыстарында болды, флотофильтр тазарту және бұрыштық фильтрді тазарту технологияларымен танысты.