Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Астана қаласындағы «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын қалпына келтіріп жабу (соңғы кезең)» I-кезек (3-іске қосу кешені)» жұмыс жобасы туралы

2011-08-19
«Астана қаласындағы «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын қалпына келтіріп жабу (соңғы кезең)» I-кезек (3-іске қосу кешені)» жұмыс жобасы туралы

2011 жылы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Астана қаласындағы «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын қалпына келтіріп жабу (соңғы кезең)» I кезек (3 іске қосу кешені)» жұмыс жобасының тұсаукесер рәсімі өтті.
«Мемсараптама» РМК бұрын көрсетілген жұмыс жобасының 1-ші және 2-ші іске қосу кешендерінің I-кезегіне оң сараптау бағасын берген болатын.
3-ші іске қосу кешенінде «Талдыкөл» сарқынды су жинағышын толтырып жерін қалпына келтіріп толық жабу бойынша қалған жұмыстары көзделген. Су жинағыштың үстіңгі жалпы алаңы 2 138 га, түбіндегі тұнбасын алудың жобалау көлемі 65,2 миллион текше метр.
Жобаның технологиялық схемасында Талдыкөл су жинағышын жер снарядтарының көмегімен және оларды геотекстильді контейнерлердің (геотубы) көмегімен сусыздандырып тазарту көзделген. Мұндай тазарту схемасы осыған ұқсас жобаларды іске асыру кезінде қолданылған қазіргі алдыңғы қатарлы технологияларға талдау жүргізу негізінде қабылданған.
Осы жобаны іске асыру Астана қаласы мен оның маңын санитарлық және экологиялық ортасын жақсартуға, сондай-ақ бұрын болған Өлмес және Үлкен Талдыкөл көлдерін өз қалпына келтіруге мүмкін тудырады.
Қарау нәтижесінде тапсырысшы мен бас жобалаушыға сараптама жұмыс жобасында қазақстандық кәсіпорындар шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды кеңінен қолдануға ұсыныс жасалды.