Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласының жаңа көлік схемасы туралы

2011-09-21
Астана қаласының жаңа көлік схемасы туралы

«Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстанның елордасы Астана қаласының жаңа көлік жүйесінің құрамды нұсқасының техника-экономикалық негіздемесін (ТЭН) қарастырып жатыр.
ТЭН-н «Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің тапсырысы бойынша алматылық жобалаушы «Көпір сынау» ЖШС-і әзірледі.
Осы жобалау құжаттамасын әзірлеу тапсырмасына сәйкес жеңіл рельсті көлік желісін салу 3-кезектен тұрады:
• 1-ші кезек – «Абу Даби Плаза» кешенінен Сығанақ көшесінің бойымен Қабанбай батыр даңғылының қиылысына дейін (депо кешеніне кіруі қоса) – Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Астана –Киевка» автожолының 9-шы шақырым қиылысына дейін одан «Астана» халықаралық әуежайына дейін;
• 2-ші кезек – темір жол вокзалынан Біржан сал, Затаевич және Потанин көшелерінің бойымен Сары Арқа даңғылына шығады және одан Тұран даңғылына Сығанақ көшесіне «Абу-Даби Плаза» кешеніне қарай бұрылады да Қабанбай батыр даңғылының қиылысына дейін;
• 3-ші кезек – темір жол вокзалынан Гете көшесінің бойымен Республика даңғылының бұрылысына дейін, әрі қарай Бөгенбай батыр даңғылымен, Уәлиханов және Кенесары көшелерінің бойымен Абылай хан және Б.Момышұлы даңғылдарымен Тәуелсіздік және Сарайшық, №19 көшелерінің бойымен Сығанақ көшесінің бұрылысынан «Абу Даби Плаза» кешеніне дейін.
Citadis ALSTOM (Франция) типті жылжымалы құрам 258 адамды алып жүре алады. Вагонның ұзындығы 31,5 м, ені – 2,5 м, биіктігі 3,6 м, соқпақ жолдың ені-1,4235 м, 4 секциядан тұрады, сағатына жылдамдығы 70 шақырым, тарту кернеуі DC 600B, тұрақты ток, бір мотородың қуаты 100 кВт (бір құрамда 2 тарту арбасы бар, әрбір арбада 2 мотордан), поездың салмағы 44,4 тонна, толық салмағы 63,93 тонна, осьтегі орташа салмағы 12,0 тонна. Келешекте сатып алынуы жоспарланып отыр:
1-ші кезекке – 12 құрам;
2-ші кезекке – 17 құрам;
3-ші кезекке – 20 құрам.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде 2011 жылдың 11 тамызында «Астана қаласының жаңа көлік жүйесінің құрамды нұсқасының техника-экономикалық негіздемесінің тұсаукесері өтті. ТЭН-е енгізілген шешімдер бойынша қажетті қосымша негіздемелер бойынша арнайы ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде барлық мүдделі ұйымдардың қатысумен кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша ККМ-не ЖРК техникалық көрсеткіштері бойынша қосымша мәліметтер ұсыну ұсынылды.
Осы жылдың 14 қыркүйегінде ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде мүдделі ұйымдардың қатысумен жиналыс болып өтті. Жиналық қорытындысы бойынша ЭДСМ-не ЖРК-ның қабылданған қаржы-экономикалық көрсеткіштерін ұсыну тапсырылды.