Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған сорғы-сүзгі стансасын қайта жаңарту туралы

2011-09-02
 Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған сорғы-сүзгі стансасын  қайта жаңарту туралы

2011 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған сорғы-сүзгілік стансасы қайта жаңарту» жұмыс жобасының таныстырылуы өтті.
Жұмыс жобасының тапсырысшысы – «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ.
Бас жобалаушы – «Құрылысэкспертпроект» ЖШС.
Қазіргі кезде жоба «Мемсараптама» РМК-да қаралып жатыр.
Астана қаласының 2005 жылғы 30 қыркүйегіндегі Мәслихат шешімімен бекітілген «Астана қаласын сумен жабдықтау және су тартуды қайта жаңарту, салу және техникалық қайта жарақтандыру» бағдарлама шеңберінде ССС-н қайта жаңарту көзделген.
Жұмыс істеп тұрған ССС-ның қуаты тәулігіне 100,0 мың текше метр. Жобада тәулігіне 200,0 мың текше метр жаңа құрылыстар салып кеңейту көзделген. ССС-ның өнімділігін қайта жаңартудан кейін тәулігіне 300,0 мың текше метр құрайды.
ССС-н қалпына келтірудегі негізгі мақсат – суды тазарту және залалсыздандыру үшін заманауи технологиялық жабдықтарды қолданып стансаның өнімділігін көтеру мәселелерін кешенді шешу, ауыз суды өндіруге қол жеткізетін барлық замануи санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ химиялық және органолептикалық көрсеткіштер талаптарына сай келетін технологиялық процестер мен бақылау тәсілдерін басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану. Жобалау кезінде қолда бар сыйымдылық жабдықтарын пайдаланып тазарту мен тазартудың әрбір сатысында жаңғыртудың қолда бар классикалық схемасы қабылданған.
Қарау нәтижесі бойынша «Мемсараптама» РМК-ның мамандары тапсырысшы мен бас жобалаушыларға қазақстандық өнім өндірушілер шығаратын материалдар, бұйымдар мен жабдықтарды жұмыс жобасында кеңінен қолдануға кеңес береді.