Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Ұйымдағы менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін көтерудің жаңа тәсілдері мен инструменттер

2011-09-23
Ұйымдағы менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін көтерудің жаңа тәсілдері мен инструменттер

2011 жылғы 13 қыркүйекте Астана қаласында «Интерсерт Консалтинг Центр Азия» ЖШС-нің, Менеджерлер мен Аудиторлардың Халықаралық Қауымдастығының, «InterCert» сапа мен сертификаттау орталығының ұйымдастыруымен «Ұйымдағы менеджмент жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін көтерудің жаңа тәсілдері мен инструменттері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп, аграрлық және тамақ кәсіпорындарының, мұнайгаз секторының, көлік және телекоммуникациялар, қаржы және білім беру ұйымдары, денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК-ның әдістемелік және бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары қатысты. Конференцияда келесі тақырыптар талқыланды:
∙ Жаңа стратегиялық бағыттарды әзірлеу және инновацияларды қолдануда менеджмент жүйесінің нәтижелілігін көтеру бойынша халықаралық және отандық тәжірибе;
∙ Менеджмент жүйесінің тенденциялары, жаңа бағыттары мен тәсілдері мен жетілдіру инструменттері;
∙ ISO стандарттары негізінде сапаны басқарудың процессорлық моделінің түсінігі мен мәні;
∙ Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігін басқару;
∙ EFQM (Сапа менеджментінің Еуропалық қоры) жетілдіру моделі, фундаментальды тұжырымдама, критерийлер,, инструменттер, RADAR өзін-өзі бағалау;
∙ Сапа менеджменті жүйесінің принциптері мен тәсілдері, менеджмент ұйымдарының өзге де жүйелер, тәсілдер мен инструменттері («6 сигм», ССП, бенчмаркинг и др.);
∙ CAF моделін қолдану арқылы мемлекеттік басқару саласындағы сапа менеджменті;
∙ сапа менеджменті жүйесінен жетілдіру моделіне дейінгі тұрақты жақсарту тәжірибелік аспектілері.
Конференция барысында қатысушылар менеджмент саласында алдыңғы қатарлы халықаралық және отандық тәжірибелермен және жаңа стратегиялаық бағыттар мен инновацияларды қолдануды әзірлеу, сондай-ақ сапа жүйесінен жетілдіруге дейінгі тұрақты жақсартудың тәжірибелік аспектілерімен танысты.