Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ғиамарттар мен имараттардың, құрылыс материалдардың және бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭС Техникалық регламенті туралы

2011-08-26
«Ғиамарттар мен имараттардың, құрылыс материалдардың және бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭС Техникалық регламенті туралы

«Ғиамарттар мен имараттардың, құрылыс материалдардың және бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭС Техникалық регламенті туралы
2011 жылдың 26 тамызында Алматы қаласында «Ғиамарттар мен имараттардың, құрылыс материалдардың және бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭС Техникалық регламенті жобасының ашық талқылауы өтті.
Міндетті түрде қолданылатын техникалық регламенті ЕврАзЭС елдерінде құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды эксплуатациялау, қауіпсіз құрылыс материалдар мен бұйымдарды қолдану және өндіру барысында қауіпсіздіктің нормативтік талаптарын біріктіру мақсатында әзірленген.Осы Техникалық регламентті іске қосуымен ЕврАзЭС мемлекеттерінің тиісті ұлттық регламенттері күшін жояды.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Д. Әкімжановтың басшылығымен өткен қоғамдық форумның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары В. Долженков, Алматы облысы әкімінің орынбасары А. Баталов, ҚазСҚҒЗИ және «Мемсараптама» РМК-ның, Қазақстан сәулетшілері одағының басшылары мен өкілдері, салалы ғылыми-зерттеу және жобалау институттардың, құрылыс-монтаж компаниялардың және құрылыс индустриясының кәсіпорындары қатысты.
Белсенді талқылау жүргізілген соң бірнеше ескертпелеі құрастырылды және ұсыныстар пысықталды, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін дәлелденіп Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне ресми ұсынылатын болады.
2011 жылдың 02 қыркүйегіне қарай «Ғиамарттар мен имараттардың, құрылыс материалдардың және бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭС техникалық регламентінің жобасын талқылау бойынша Астана қаласында кезекті дөңгелек үстел өткізу жоспарланды.