Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ, ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУҒА АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

2011-08-19
МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАҒА ЖАТҚЫЗЫЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ, ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУҒА АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ

«Мемсараптама» РМК-ның 2011 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік сараптама жүргізу тиімділігі мен сапасын көтеру, әдістемелік базаны жетілдіру, сондай-ақ 2011 жылы 30 сәуірде № 473 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын» іске асыруға қатысу, 2011 жылы мамырда «Тұрғын ғимараттарды күрделі жөндеу (қайта жаңарту, жаңғырту) жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған құжаттаманы дайындау туралы» ақпараттық-әдістемелік құрал дайындалды.
Осы құрал мемлекеттік сараптамаға қарауға енгізуге арналған материалдарды дайындау кезінде тапсырысшылар мен жобалаушыларға көмек көрсетуге арналған.
Құрал жобалау алдындағы және бұрынғы жобалардың негізгі сипаттамасынан тұрады, онда өтініштерді ресімдеу, сараптау жұмысының тапсырысшының қызметін әзірлеуге табыстау туралы тапсырма, құрылыс төлқұжатының құрамы мен мазмұны және өзге де міндеттемелер мен мәліметтер, қолда бар тұрғын ғимараттарды күрделі жөндеу, қайта жаңарту, жаңғыртуға сараптама жүргізуге қажетті мәліметтер бар.