Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 1-ТОҚСАНДАҒЫ НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

2011-04-27
«МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ 2011 ЖЫЛҒЫ 1-ТОҚСАНДАҒЫ НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕРІ

Осы жылдың 1-тоқсанында жалпы республика бойынша Мемсараптама жүйесінде құрылыс салуға (қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, техникалық қайта жарақтандыруға) арналған 1807 жобалау құжаттамасы қаралды. Оның ішінде бекітуге ұсынылғаны 1761 жобалау құжаттамасы. Қаралған жобалау құжаттамаларын талдау көрсеткендей 2011 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылған объектілер бойынша 1466 жобалау құжаттамасы, яғни қаралған жобалау құжаттамасының жалпы санының 81,1%. Жеке инвестициялар 341 жобалау құжаттамасына салынған, жалпы қаралған жобалау құжаттамасының 18,9%.
2011 жылдың 1-тоқсанында жобалау құжаттамасының сапасы төмен болуы себепті, көптеген кемшіліктердің болуы мен нормативтік талаптарды бұзған 46 жобалау құжаттамасы пысықтауға қайтарылды. Барлық Мемсараптама қараған жобаларда 80 мыңнан астап айтарлықтай кемшіліктер мен жобалау нормаларынан ауытқулар анықталды. Мемсараптама ескретпелері бойынша жобалау құжаттамаларын түзету нәтижесінде және олар ұсынған ұсыныстарды пайдалану, сондай-ақ негізсіз және мақсатсыз шығындарды жою, жобалау бойынша жобалардағы құрылыс сметалық (есептік) құны 146,203 млрд.теңге, онң ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын -75,577 млрд.теңгеге төмендеді.