Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК-ның Бас кәсіпорыны мен аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының қатысуымен өткен республикалық семинар

2011-05-24
«Мемсараптама» РМК-ның Бас кәсіпорыны мен аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының қатысуымен өткен республикалық семинар

Бекітілген сарапшылардың біліктілігін көтеру бағдарламасына сәйкес Астана қаласында «Мемсараптама» РМК-да 2011 жылдың 18 мен 19 мамырында бас кәсіпорын мен оның еншілес кәсіпорындары мен филиалдарының мамандарының қатысуымен құрылыс жобаларының сәулет-жоспарлау және конструктивтік бөлімдерін сараптау бойынша республикалық семинар өтті.
Республикалық семинар өткізу барысында «Құрылыс және Интерьер, Жылу мен желдету, Терезелер мен есіктер, қасбеті, керамика мен тас»-«AstanaBuild 2011» атты 13-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс көрмесі өтті, онда қабырғаларға ілінген жаңа технологиялар, құрылыс материалдары мен жабдықтарын шығарушы отандық және шетелдік өндірушілермен танысты.
Республикалық семинар шеңберінде «Қазақстанға еуропалық біріздендірілген құрылыс нормаларын (еурокоды) енгізудің кейбір аспектілері туралы», «Мемсараптама» РМК-ның бас кәсіпорыны сатып алған бағдарламамен қамтамасыз ету туралы», «Еншілес кәсіпорындар берген сәулет-жоспарлау және конструктивтік шешімдері бөлігіне «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорынының ескертпелері мен ұсыныстары», «Құрылыс және эксплуатация тәжірибелерін ескере отырып кірпіш ғимараттарын жобалау мәселелері», «Сараптамаға ұсынылатын конструкторлық бөлімі бойынша есептік материалдардың құрамы мен мазмұны», «Құрылыстағы экология», «Мономах, Лира, ФОК бағдарламаларының көмегімен құрылыс конструкцияларының кешенді есебі» баяндамалары тыңдалды.
«Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б. Ережепов «Мемараптама» РМК-ның Бас кәсіпорыны мен аумақтық бөлімшелерінің маман-сарапшыларының қатысуымен өткен республикалық семинарды қорытындылады.
Республикалық семинар қорытындысы бойынша аумақтық маман-сарапшылар мен Бас кәсіпорын маман-сарапшылары жобалау-сметалық құжаттаманың сәулет-жоспарлау және констурктивтік бөлімдері бойынша мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде туындаған мәселелер бойынша пікір алмасты.