Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Бозшакөл кен-байыту комбинатының құрылысы» ТЭН-нің тұсаукесері

2010-10-10

2010 жылдың 08 қазанында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Бозшакөл кен-байыту комбинатының құрылысы» ТЭН-нің тұсаукесері және техникалық кеңес өтті.
ТЭН-нің негізгі мақсаты техникалық мүмкіндіктерінің ірілендірілген бағалауын және экономикалық мақсатқа сай «Бозшакөл» мыс-молибден кенорнының кенді қайта өңдеу және өңдеу нұсқаларын анықтау болып табылады.
Жобаның жүзеге асырылуы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС –нің мыс еріту зауыттарына концентраттарды үздіксіз жеткізуді, өңірдің әлеуметтік дамуын, іргелес елді мекендерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
Осы кеңестің қорытындысы бойынша қазақстандық өндірушілерді қолдау мақсатында қаралған жобалау шешімдерінде отандық қамту үлесін ұлғайту бойынша шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар шығарылды.