Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобаны қарау бойынша техникалық өтті

2010-08-26

2010 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде «Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытқа қарай кеңейту. № 14, 15, 16, 17 мұнай айлақтарының және инфрақұрылым объектілерінің құрылысы» жобасын қарау бойынша техникалық кеңес өтті.

Айлақтар мен инфрақұрылым саалып теңіз портын солтүстік бағытқа кеңейту жобасын іске асыру мұнай жөнелту көлемін жылына 10 млн.тонна ұлғайтуды көздейді.

Жобаны іске асыру кезінде 90 адамға жұмыс орны ашылады. Көрсетілген жоба шеңберінде әртүрлі табиғатты қорғау (атмосфералық ауаны, жерасты және жерүсті суларын, балықтарды қорғау бойынша) іс-шаралары көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде өткен кеңестің қорытындысы бойынша келесідей ұсыныстар мен тапсырмалар берілді:

  • «Жeргілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ-мен бірге жобада қолданылатын материалдарға талдау жүргізілсін, Қазақстанда жаңа өндіріс ашуды ескеріп жобада отандық материалдар, бұйымдар, конструкциялар, технологиялық және инженерлік жабдықтарды пайдалану туралы мәселені қарастырсын;
  • жобада «қазақстандық қамту» үлесін ұлғайту туралы;
  • жоғарыда көрсетілген жоба бойынша объект құрылысын салу кезінде отандық материалдар, бұйымдар, конструкциялардың, технологиялық және инженерлік жабдықтардың қолданылуына бақылау енгізу.